8 800 200 08 04
Қазақстан бойынша соғу тегін Сырттың елдері
 
 
 

Видео домофоны / Ең бастысына / Домофондар туралы ақпарат / Домофонды қалай дұрыс таңдау керек?

Домофонды қалай дұрыс таңдау керек?

Домофон аса күрделі жүйе: ол бірнеше функционалды блоктан, негізгі құрылғыдан, есік ашатын электр сымынан тұрады. Әрине, мұндай есіктің темірден жасалмағы шарт (жасалынуы тиіс). Домофондар тұрғыны көп үйлерге қойылады. Олар есікті құлып, құпия код немесе пәтерден келетін сигнал арқылы ашып тұрады. Дұрыс таңдалған жабдық сіздің қауіпсіздіңіз бен жайлы тұрмысыңызға кепіл бола алады. Ешкім де мазнызды алмайды. Оың үстіне ниеті бұзық адамға есік ашылмаса, оны есте сақтап қалады; сондықтан көзсіздікке бара бермейді.

Домофон сатып аларда асықпай әбден таңлаңыз. Әрине, Бұл кәсіптен бейхабар кісіге домофонды немесе оны орнататын мекемені таңдау әуелгіде киынға түседі. Мұндай қызмет түріне дицензия, сертификат берілмеген, «домофон орнатушы» мамандары жоқ, сондықтан да көптен бері домофонмен жұмыс істеп келе жатқандармен хабарласқан жөн. Тәжірибнің маңызы зор. Біздің кеңсеге келіп фирманың бұл кәсіппен қашаннан шұғылданатынын сұрап алыңыз. Ең дұрысы алғашқы домофонды қашан орнаттыңыз деп сұраған дұрыс. Сол тұрғындармен танысып домофоны қалай жұмыс істейтінін сұрастырып білген де артық емес. Несі жақсы, несі жаман дегендей. Абай болу ләзым, бұл күндері нарықта бір күндікфирмалар каптап кеткен, арзандау бағаға келісіп, ақшаңызды алып жоғалып кетеді.

Көпшілік домофон орнатуды қымбат санап, арзан жолдарын іздестіреді. Мәселен, қарапайым электрлі қоңырау орната салады. Бұл шыныда арзан, қарапайым әдіс, бірақ осал тұстары жетерлік: қонақ немесе дәрігер шақырғанда сырттан естілген әр қоңырауға жүгіріп әлекке түсесіз. Мұндай үнемнің құныкөк тиын. Кілтті жоғалтып алсаңыз тағы да қиын.

Домофонды тұтыну мерзімі оны қалай орнатудан бөлек мәселелерге қатысты. Кез келген нәрсенің кепілді мерзімі бар. Мұнан соң не істейміз? Мұндйда «шеберді шақыртып, ақысын төлеп, жөндетіп аламыз» деу түбірінен қате пікір. Мұндай фирмалар өте санаулы, шалғай жерлерде мүлдем жоқ. Барының өзі алдап кетеді – тиын тұратын сақтандырғыш орнына блок процессоры күйіп кеткен дей салады. Мұның құны домофон бағасымен бірдей. Сондай-ақ домофонды сындырып алуы мүмкін. Осы себепті домофонға сапалы қызмет көрсететін компанияны табу керек. Мұндайда сынықты жөндеу, деталды ауыстыру тағы басқаларын алдын мұқият ескересіз.

Біздің «Строй Мастер Домофоны» компаниясы осындай қызмет түрлерін ұсынады. Домофонға техникалық қызмет көрсетуге келісім-шарт түзгеннен соң, оның іркіліссіз жұмысына жауаптымыз. Біздің техникалық орталықта өз кәсібінің шебері тамаша мамандар жұмыс істейді. Олар кез келген күрделі домофонды орнатып та жөндеп бере алады. Біз өз кәсібімізді терең меңгердік дей аламыз.

Артқа


© 1996 Строй Мастер Домофоны Рейтинг@Mail.ru